Мәскеудегі дауылдың салдарынан 14 адам опат болды

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи апатта 150 адамның да жарақат алғанын білдірді.

742100
Мәскеудегі дауылдың салдарынан 14 адам опат болды

Ресейдің бас қаласы Мәскеудегі жойқын дауылда 14 адам опат болды.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Тасс агенттігінде орын алған мәлімдемесіне қарағанда кеше кешкі уақытта күшін арттырған дауылда 150 адам жарақат алды.

Жойқын дауыл қалада жүздеген ағашты тамырынан қопарып, көптеген үйдің шатырын алып кетті. Көптеген көлікке де зиян келді.

Қопарылған ағаштар жолдарды қатынасқа жауып, метро желілері де қолданыстан шықты.

Мәскеуде 1998 жылғы дауылда да 11 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар