Бағдатта бір күнде үш жарылыс

Рамазан айы басталғалы Ирактың бас қаласы Бағдатта лаңкестіктер болуда.

742162
Бағдатта бір күнде үш жарылыс

Рамазан айы басталғалы Ирактың бас қаласы Бағдатта лаңкестіктер болуда.

Кеше түннен бері үш бомбалы шабуыл болды.  29 адам қаза тапты.

Алғашқы жарылыс Бағдаттың Каррада ауданында болды.  Террор ұйымы ДАИШ содырлары бомба тиелген көлікті отбасылар ауыз ашып отырған жерге апарып жарды.

Жарылыста 21 адам қаза болып, 80 адам жарақат алды.

Екінші шабуыл бірнеше сағаттан кейін, үшінші шабуыл болса таңертең болды. Соңғы екі шабуылда 8 адам опат болды.

ДАИШ террор ұйымы өткен ораза айында Бағдатта бір сауда орталығын нысанаға алып, 324 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар