АҚШ Иракқа берген қарулар із-түссіз жоғалды

АҚШ Қорғаныс министрлігі бас инспекторы дайындаған рапорт жарияланды.

739261
АҚШ Иракқа берген қарулар із-түссіз жоғалды

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) инспекторы 2016 жылғы бақылау рапортында армияның оқу-жаттығу аясында Ирак армиясына берген 1 миллиард доллардан астам құны бар әскери құрал-саймандар және қарулардың тіркеулері мен қадағалау жұмыстарының дұрыс жасалмағанын ортаға қойды.

Қыркүйек айында жарияланған «Армия Ирак оқу-жаттығу фонды құрал-саймандарының саны мен қайда екенін анықтау үшін ықпалды бақылау жүргізбеді» тақырыпты рапорттың құпиялылығы, Халықаралық амнистия ұйымының ақпарат сұрау құқығы аясындағы сұранысы себепті жойылып, рапорт қоғаммен бөлісілді.

Рапортта «Құрлық күштері қолбасшылығына қарасты 1-ші аймақтық Құрал-жабдықтар қолбасшылығының Ирак оқу-жаттығу фондынан аударған Кувейт пен Ирактағы қарулардың саны мен қазір қайда екені жөнінде дұрыс тіркеу жасалмағаны анықталды» делінді.

Ирак оқу-жаттығу фонды АҚШ Конгресі тарапынан 2015 жылы құрылып, сол жыл үшін қорғаныс бюджетінен 1,6 миллиард доллар бөлінген болатын.

ДАИШ-пен күрес аясында бөлінген аталмыш фонд үшін өткен жылы да 715 миллион доллар бөлінген болатын.



Ұқсас жаңалықтар