Йеменде тырысқақ індеті асқынды

Йемендегі тырысқақ эпидемиясында қайтыс болғандардың саны 398 болды.

739253
Йеменде тырысқақ індеті асқынды

Йемендегі тырысқақ эпидемиясында қайтыс болғандардың саны 398 болды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Йемендегі кеңесесінің хабарламасына қарағанда, Йеменнің 19 уәлаятында 27 сәуір күнінен бері 38 мың 300-ден астам тырысқақ оқиғасы тіркелді.

Хабарламада сонымен бірге Йемен халқының үштен екеуінің таза ауыз суына қол жеткізе алмағандығы, сондықтан эпидемияның жылдам тарағаны айтылды.

Йеменде екі жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығыс салдарынан ел ішінде мекендерінен көшкен шамамен 3 миллион адам таза ауыз суы тапшылығы және қалдықтардың жиналмауы нәтижесінде түрлі жұқпалы ауру рискімен бетпе-бет.



Ұқсас жаңалықтар