Президент Трамп Сауд Арабиясында байланыс жүргізді

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Иранның Таяу Шығыста хаос таратқанын атап айтты.

736465
Президент Трамп Сауд Арабиясында байланыс жүргізді

Трамп Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядтағы Король Абдүлазиз атындағы Халықаралық көрме және Конгресс орталығында ұйымдастырған «АҚШ-Араб және Ислам мемлекеттері саммиті» аясында жасаған баяндамасында 50-ден астам Араб пен Ислам мемлекетінің басшысына үн қатты.

Трамп «Баршамызға жақсы бір келешек қамтамасыз ету үшін ортақ мүдделер мен құндылықтарға бағынышты ортақтық ұсынуға келдік» деді.

АҚШ-тың радикализмді жою үшін Таяу Шығыста ұлттардың коалиция талап еткенін атап айтқан Трамп елінің бұрынғы достықты күшейтіп, бейбітшілікті жалғастыру мақсатты жаңа ортақтар іздейтіні жөнінде уәде берді.

Терроризммен күрестің әртүрлі нанымдар арасында емес, жақсы мен жаман арасында бір соғыс екенін атап көрсеткен Трамп әр елдің терроризмді өз жерінен жою үшін міндеті бар екенін атап көрсетті.

Таяу Шығыста жүз жылдан бері христиан, мұсылман және еврейлердің бірге өмір сүргенін түсіндірген Дональд Трамп мейірімділік пен құрметтеуді қайтадан іске қосу керектігін білдірді.

АҚШ президенті «Иран режимі жаһандық терроризмге басшылық жасайды. Аймақта қирау мен хаосты таратады» деді.

Трамптың Иранмен байланысты мәлімдемелеріне Тегераннан наразылық кешікпеді.

Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф Трампқа әлеуметтік медиа арқылы қайтарған жауабында «Иран нағыз демократиялық бір сайлаудан енді шыққанда, өзіне демократия мен орта бағыттың бесігі деген АҚШ-тың президенті шабуыл жасауда» деді.



Ұқсас жаңалықтар