Ханшайым Мако тақтан бас тартты

Мако «ханшайым» атағынан да бас тартуға мәжбүр болады.

734693
Ханшайым Мако тақтан бас тартты

Жапония императоры Акихитоның 25 жасар немересі Ханшайым Мако тақтан бас тартты.

Бірге оқыған досымен тұрмыс құруға шешім қабылдау арқылы империя дәстүрін бұзған Мако «ханшайым» атағынан да бас тартуға мәжбүр болады.

Ханшайым Мако 2012 жылы бас қала Токиодағы Халықаралық Христиан Университетінде Кеи Комуромен танысты.

Олар көп уақыттан бері отау құруды жоспарлап жүр.

Алайда Жапония корольдығының дәстүріне қарай қарапайым азаматпен тұрмыс құратын корольдық әулетінің бір мүшесі тақ және атағын тастауы керек.

Осылардың барлығын білетін Ханшайым Мако болса алдағы уақытта отау құру үшін қадам басады. Кеи Комуро бір құқықтық кеңседе жұмыс істейді.

Туризм саласында да жұмыс істеген жігіт анасы және атасымен бірге Йокохама қаласында тұрады.



Ұқсас жаңалықтар