АҚШ Сирия режиміне қарсы жаңа санкция шешімі қабылдады

АҚШ Қазына министрлігі санкция тізіміне араларында Башар Асадтың жиені де бар 5 сириялықты қосқанын жариялады.

733938
АҚШ Сирия режиміне қарсы жаңа санкция шешімі қабылдады

Америка Құрама Штаттары Қазына министрлігі Сирия халқына бағытталған шабуылдары себепті Асад режиміне жаңа санкция шешімі қабылданғанын жариялады.

Санкция тізіміне араларында Башар Асадтың жиені де бар 5 сириялық қосылды.

Сондай-ақ орталығы Дамасктағы 3 фирма, бір банк және бір азаматтық қоғам АҚШ-тың қара тізіміне қосылды.

Вашингтон әкімшілігі сәуір айының басында Идлибке жасалған химиялық қару себепті Сирия режиміне қарасты Сирия Ғылыми жұмыстар және зерттеулер орталығында қызмет еткен тағы 271 сириялықты санкция тізіміне алған болатын.

АҚШ президенті Дональд Трамп болса бұл шабуылды жасаған соғыс ұшақтары ұшып қонған Шайрат әуе базасына зымыран шабуылы тапсырмасы беріп, осылайша ішкі соғыс басталған 2011 жылдан бері АҚШ әкімшілігіне қарсы тұңғыш рет бір әскери операциялық қадам басқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар