«Трамптың ДАИШ жоспарындағы түзелмейтін қателігі»

Роберт Форд жазған мақалада YPG-ге жасалатын қару жәрдемін "түзелмейтін қателік" деп бағалады.

732226
«Трамптың ДАИШ жоспарындағы түзелмейтін қателігі»

АҚШ-тың бұрынғы Дамаск Өкілетті елшісі Роберт Форд Дональд Трамп әкімшілігінің ДАИШ-ке қарсы ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы PYD-мен ынтымақтастық жасауының қателік екенін және Вашингтонның бұл ынтымақтастықтың нәтижесін ойламағанын жазды.

Роберт Форд «Atlantic» атты журналға жазған «Трамптың ДАИШ жоспарындағы түзелмейтін қателігі» тақырыпты мақаласында президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында 16 мамыр күні жүзеге асатын кездесуде күн тәртіптің салмақты түрде PYD-нің қарулы күші YPG-ге жасалатын жәрдемдер болатынын атап көрсетті.

Форд Түркияға қарамастан PKK/PYD-ге АҚШ беретін қару мен қолдаудың келешекте аймақтағы жағдайды одан да асқындыратынын атап көрсетті.

ПКК-ның аймақта өзін басқаша көрсетіп, жасанды аттармен ортаға шыққанын жазған Форд президент Ердоғанның бұл топтарды бірдей бағалауының орынды екеніне назар аударды.

Шетелдік террористтер тізімінде орын алған ұйымдармен жұмыстанбау саясатына қарамастан АҚШ әкімшілігінің ДАИШ террор ұйымының ПКК террор ұйымының Сирия тармағын қолдануда табанды екенін білдірген Форд «АҚШ-тың PYD/YPG-ге деген масаттанулығы ДАИШ Раккадан шыққаннан ұзақ уақыт өткен соң оны қорқытатын шындыққа апарады» деді.

Бұрынғы өкілетті елші PYD/PKK-ның саяси жоспарын аймақ халқына сіңіргенін және ұйымның көзқарастарын жақтамаған көптеген күрд активистті тұтқындағанын жазды.

Форд АҚШ-тың PYD/PKK-ның омыртқасын құраған Сирия демократиялық күштерін (SDG) ДАИШ-пен күресте PYD/PKK-ға берген қолдауын жасыру үшін қолданғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар