АҚШ-тан азаматтарына қатаң Солтүстік Корея саяхаты ескертуі

АҚШ азаматтарына Солтүстік Кореяға бармау тақырыбында қатаң бір ескерту жасады.

729440
АҚШ-тан азаматтарына қатаң Солтүстік Корея саяхаты ескертуі

АҚШ азаматтарына Солтүстік Кореяға бармау тақырыбында қатаң бір ескерту жасады.

Сыртқы істер министрлігінің Солтүстік Кореяға бағытталған саяхат ескертуімен байланысты жасаған жазбаша мәлімдемеде «Солтүстік Кореядағы АҚШ азаматтары елдің заңдарына сәйкес тергеуге алу және ұзақ мерзімді түрмеге отырғызу тақырыбында маңызды бір қауіп астында» делінді.

Бұл елде «соғыс құқығын» себеп ретінде көрсетіп, АҚШ-та қылмысқа жатпайтын көптеген жағдайға орай АҚШ азаматтары жайлы қатаң шешімдер қабылдағанына назар аударған мәлімдемеде Солтүстік Кореямен дипломатиялық байланыс болмағаны себепті сол елге барғандарға консулдық қызметі беріле алмағаны және жәрдем жасалмайтыны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде сондай-ақ соңғы 10 жылдың ішінде 16 АҚШ азаматының Солтүстік Кореяда түрмеге отырғызылғаны аталып, саяхат ескертуіне қарамастан Солтүстік Кореяға барғысы келген АҚШ азаматтарында кезкелген бір құпиялық күтпеу керектігі білдірілді.

Өткен аптаның аяғында Ким Хак-сонг атындағы АҚШ азаматы Солтүстік Кореяда тыңшылық айыбымен тұтқындалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар