АҚШ террорлық ұйымды қаруландырады

Дональд Трамп Қорғаныс министрлігі Пентагонға террор ұйымын қаруландыру тақырыбында өкілеттік берді.

729158
АҚШ террорлық ұйымды қаруландырады

Америка Құрама Штаттары барлық ескертулерге қарамастан бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG-ге қару беруін жалғастыруда.

Ақ Үй билігі YPG-ге ауыр қару қамдауды бекітті.

Осылайша президент Дональд Трамп Қорғаныс министрлігі Пентагонға террор ұйымын қаруландыру тақырыбында өкілеттік берді.

Осы шешімнен кейін түрік тарапының қатал наразылығын білетін американдық лауазым иелері бірінен соң бірі мәлімдеме жасады.  Ақ Үй баспасөз хатшысы Шон Спейсер қауіпсіздік тақырыбында Түркияға кепілдік бергендерін білдірді.  «Түркиядағы коалиция ортақтарымыздың қауіпсіздік уайымдарын білеміз.  Түрік халқы мен үкіметіне АҚШ-тың қауіпсіздік рисктерінің алдын алу және НАТО одақтасымызды қорғау тақырыбына тәуелді екенімізге кепілдік бергіміз келеді» деді ол.

Пентагонның хабарламасында да осындай сөздерге орын берілді.

Дональд Трамп пен Түркия президенті Ердоған 16 мамыр күні кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар