Екі террор ұйымы қақтығысып қалды

Қақтығыс террор ұйымдары арасындағы есірткі саудасындағы келіспеушіліктен туындады.

721474
Екі террор ұйымы қақтығысып қалды

Ауғанстанның солтүстігінде Джузджан уәлаятының Дерзаб ауданында террорлық ұйымдар ДАИШ пен Талибан сарбаздары арасында қақтығыс шықты.  қақтығыста Талибанның 76 сарбазы мен ДАИШ-тың 15 террористі қаза тапты.  

Джузджан акиматының баспасөз хатшысы Мұхаммед Реза Гафури Дерзабтың Аксаи, Көмүрлүк және Хак Шехидан аймақтарында ДАИШ пен Талибан арасында қақтығыс шыққанын білдірді. Қақтығыста Талибаннан 76 кісі, ДАИШ-тен 15 кісі қаза тапты. Талибанның 57 адамы мен ДАИш-тің 12 мүшесі жарақат алды.

Гафури қақтығыстың террор ұйымдары арасындағы есірткі саудасындағы келіспеушіліктен туындағанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар