Солтүстік Корея әскери жаттығу өткізуде

АҚШ жіберген «USS Michigan» атты ядролық сүңгуір қайық Оңтүстік Кореяға ұласты.

720023
Солтүстік Корея әскери жаттығу өткізуде

Йонхап хабар агенттігінің Оңтүстік Корея лауазымдыларына сілтеген хабарына қарағанда Солтүстік Корея армиясының 85-ші құрылу жылдығына (25.04.2017) орай Вонсан қаласында ауыр қарулар қолданылатын ауқымды бір әскери жаттығу ұйымдастыруда.

Ақпарат көздеріне қарағанда әскери жаттығуға Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның да қатысуы күтіледі.

Солтүстік Кореяның жаңа бір ядролық сынақ немесе баллистикалық зымыранды сынақтан өткізетіні алға тартылса, дағдарысты арттыратын басқа бір жаңалықта оңтүстіктен келді.

АҚШ-тың Кореяға жіберген ядролық сүңгуір қайығы Оңтүстік Кореяға ұласты. «USS Michigan» атты ядролық сүңгуір қайықтың Бусандағы теңіз флоты жағалауына ұласқаны білдірілді.

Оңтүстік Корея газеті «Chosun Ilbo»-ға қарағанда 154 дана «Tomahawk» зымыраны және 60 адамнан тұратын арнайы жасақты тасиды.

Солтүстік Корея болса сүңгуір қайықтың аймаққа қоныстандырылуын «ашық түрде шантаж» ретінде бағалады.

АҚШ аймаққа «USS Carl Vinson» ұшақ кемесі мен басқа соғыс кемелерін де жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар