Қантөгістен қашып Чадқа келген балалар – жетім

Орталық Африка Республикасындағы қантөгістен қашып Чадқа келген балалар – жетім.

716358
Қантөгістен қашып Чадқа келген балалар – жетім

Орталық Африка Республикасындағы қантөгістен қашып Чадқа келген балалар – жетім.

БҰҰ Миграция жоғары комиссариатының деректеріне қарағанда,  Орталық Африка Республикасынан қашқан 3500-ге тарта босқын көрші ел Чадтың оңтүстігіндегі босқын лагеріне орналасты.  Босқындардың 800-і балалардан тұрады.

Босқындар ОАР-ндағы Бамбари қаласында Селека қарулы тобына қарасты Нуреддин Адам басшылығындағы Орталық Африканың Тірілуі (FPRC) және Али Ндарасс басшылығындағы Бейбітшілік үшін бірлік (UPC) сарбаздары арасында артқан қантөгістен қашты.

Елдегі қантөгістен көбіне балалар зиян шекті.

 БҰҰ-ның деректеріне қарағанда ата-анасыз Чадқа келген 100-ге тарта бала босқын лагеріне келгенде аш болатын. Көбі ондаған километр бойы жаяу жүрген.

Босқын лагерінде болса азық-түлік жетіспейді.



Ұқсас жаңалықтар