Газ қолданғаны нақтыланды

Сирия билігінің Идлибте бейбіт халыққа қарсы сарин газы қолданғаны нақтыланды.

716912
Газ қолданғаны нақтыланды

Сирия билігінің Идлибте бейбіт халыққа қарсы сарин газы қолданғаны нақтыланды.

Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы Идлиб қаласының оңтүстігіндегі Хан Шейхун аймағында химиялық қару қолданылғаны туралы хабарларды тексеру үшін қалыптастырған мамандар тобының мәліметтерімен бөлісті.

Мамандар тобы жинаған айғақтардың лабораториялардағы тексеруден кейінгі қорытындылары құрбандардың сарин немесе саринге ұқсас газдардан қайтыс болғанын көрсетеді.

Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының бас директоры Ахмет Үзүмджү ұйымның атқару кеңесінде екі бөлек лабораториядан келген анализдердің қорытындыларын түсіндірді.

Асад билігінің Идлибтің Хан Шейхун аймағына 4 сәуір күні жасаған химиялық шабуылда көбі балалардан тұратын 100-ден астам адам қаза тауып,  500-ден астам адам газдан зиян көрген болатын.  



Ұқсас жаңалықтар