ЮНИСЕФ-тен ескерту

Лаңкестік үшін қолданылған балалар саны артты.

711131
ЮНИСЕФ-тен ескерту

ЮНИСЕФ экстремистік Боко Харам ұйымының бала жастағы жанкешті қолдануының артқанын айтып, ескерту жасады.

ЮНИСЕФ-тің жазбаша хабарламасында «Боко Харамның Орталық Африкада Нигерия, Камерун, Нигер және Чад секілді елдердегі жанкешті шабуылдарда қолданған балалар санының артуы алаңдатады» деген сөздер орын алды.

«Чад шөлі аймағында жылдың үш айында жанкешті шабуылдарда 27 бала қолданылды.  Өткен жылы осы кезеңде бұл сан 9 болатын» деп айтылды.

ЮНИСЕФ-тің батыс және орталық Африка директоры Мари-Пиер Поириер де «Жылдың алғашқы үш айында аймақта жанкешті лаңкестіктерде қолданылған бала саны өткен жылы қолданылған бала санымен теңесіп қалды. Бұл балалар қылмысты емес, құрбан» деді.

Хабарламада сонымен бірге Нигерия,Камерун, Чад және Нигерде 2014 жылдан бері 117 баланың бомбалы шабуыл жасау үшін қолданылғаны және бұлардың көбінің қыз бала екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар