С.К «Біз АҚШ-тан қорықпаймыз» деді

С.К АҚШ-тың өз территория тұтастықтарына шабуыл жасауға дайындық жасағанын алға тартты.

709209
С.К «Біз АҚШ-тан қорықпаймыз» деді

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран атқан болатын. Зымыран АҚШ президенті Дональд Трамптың Пхеньянның басты одақтасы--Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуінің қарсаңында атылды.

Солтүстік Корея баллистикалық зымыранның Сирияда режимге тиесілі бір әуе базасына зымыран шабуылы жасаған Америка Құрама Штаттарының әскери қаупіне қарсы бір әрекет екенін алға тартты.

Солтүстік Корея ресми хабар агенттігі KCNA-ның аты-жөні аталмаған бір сыртқы істер министрлігі лауазымының мәлімдемесіне негізделген хабарға қарағанда Америка Құра Штаттарының Сирияға жасаған шабуылдың «кешірілмейтін жағдай» екенін, Вашингтонның «соғыс үшін үнемі орынсыз әрекет жасағанына» қары елдерді қорғау сылтауымен атомдық қаруларды заңдастырғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Солтүстік Кореяның атомдық қаруға ие әскери күшінің АҚШ тарапынан ұйымдастырылатын мүмкін бір шабуылды тосатынын баяндалды.

АҚШ-тың Сирияға жасаған соңғы әскери шабуылының өздеріне бағытталған бір ескерту екеніне назар аударған мәлімдемеде «Біз бұдан қорықпаймыз» делінді.

Солтүстік Корея АҚШ-тың өз территория тұтастықтарына шабуыл жасауға дайындық жасағанын алға тартты.

Вашингтон болса, Солтүстік Кореяны жаулап алу сынды бір ниетінің болғаны туралы пайымдауға қарсы шығуда. 



Ұқсас жаңалықтар