Мосулдың батысында 32 ДАИШ-тік террорист өлтірілді

Ирактың Мосул қаласын азат ету үшін басталған операциялар жалғасуда.

709090
Мосулдың батысында 32 ДАИШ-тік террорист өлтірілді

Мосул қаласының батысында террор ұйымы ДАИШ-ті нысанаға алған операцияларда 3-еуі ұйым басшысы барлығы 32 террорист өлтірілді.

Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери барлау дирекциясынан жасалған мәлімдемеде халықаралық коалиция күштерінің Мосулдың батысындағы «Әл-Ислах Эз-Зираи – әл-Вершан» аймағында араларында террор ұйымының басшылары да қоныстанған бір бекініске әуе шабуылы жасалғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде араларында марокколық, сауд және қай ұлттан екені белгісіз бір ДАИШ басшысы бар 32 террористтің операцияда өлтірілгені атап көрсетілді.

Басқа жағынан Иттихадийе полиция күштеріне қатысты Жедел күрес жасақтарында міндет атқарған полиция офицері Халид Сухейл эн-Насыри қаланың батысындағы Әл-Кадиме аймағына көптеген жерден ауқымды операция жасалуы үшін барлық дайындықтардың жалғасқанын білдірді.

Ирак күштері Мосулдың батысын ДАИШ-тен азат ету үшін 19 ақпан күні операция бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар