Мокоа қаласындағы сел апатында 293 адам көз жұмды

Колумбияның Мокоа қаласында болған сел апатында көз жұмған адам саны 293-ке көбейді.

707134
Мокоа қаласындағы сел апатында 293 адам көз жұмды

Колумбияның Мокоа қаласында болған сел апатында көз жұмған адам саны 293-ке көбейді.

Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос  Мокоа қаласында сел жүру салдарынан құрбан болғандар саны 293-ке жеткенін жариялады.

Сантос мемлекеттің оңтүстігіндегі әкімшілік аймағы Путумайоның бас қаласы Мокоадағы сел апатына байланысты мағлұматтарды бұқаралық пікірмен бөлісті.

Колумбия президенті Сантос «Өкінішке орай апатта қаза тапқан адам саны артуда. Апатта 293 көз жұмды, 195 адамның мәйіті иелеріне табыс етілді» деді.

Сантос апатта жарақат болғандардың саны 332-ке ұласқанын, 119 адамның болса емделіп шығарылғанын айтты.

Сантос сонымен қатар сел апатында жоғалып кеткен 467 адамның 34-нің қайтыс болғанын, 119 адамның болса аман қалғанын баяндады.

Осы барыста Сантос Біріккен Араб Әмірліктеріне апаттан кейін жасаған жәрдемдері үшін алғыс айтты. 



Ұқсас жаңалықтар