АҚШ Сирия режиміне қарсы

Трамп «Әлем бір қоқсық, мен осы қоқсықты тапсырып алдым» деді.

706867
АҚШ Сирия режиміне қарсы

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Сирияның Идлиб қаласына химиялық қару қолданған Асадқа және Сирия режиміне көзқарастарының өзгергенін айтты.

Трамп Иордания королы Абдуллахпен Вашингтонда кездесті. Кездесуден кейін екі лидер баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Трамп «Идлибтегі химиялық қару арқылы тек қызыл сызық ғана емес, барлық сызықтар бұзылды» деді.  

Идлибтегі химиялық шабуылдың қабылдауға болмайтынын баяндаған Трамп осы химиялық шабуылға қарсы әрекет жасау жауапкерлігінің болғанын білдіріп, «Әлем бір қоқсық, мен осы қоқсықты тапсырып алдым» деді.

Иордания королы Абдуллах та Сирияда халықаралық дипломатиялық бір сәтсіздік болғанын және Трамппен бірге осы мәселелерді шешетініне кәміл сенгенін айтты.

Америка Құрама Штаттарының Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілі Никки Хейли де Сириядағы химиялық шабуыл жөніндегі сөзінде «БҰҰ аттанысқа кірмесе онда біз кіреміз» деген сөздер қолданды. 



Ұқсас жаңалықтар