Босқын саны 5 миллионнан асты

Сирияда азаматтық соғыс салдарынан елден кеткен босқын саны 5 миллионнан асты.

702565
Босқын саны 5 миллионнан асты

Сирияда азаматтық соғыс салдарынан елден кеткен босқын саны 5 миллионнан асты.

БҰҰ алты жылдық соғыс салдарынан ел-жұртын тастап кеткен адамдардың санының жылдың алғашқы айларында 5 миллионнан асқанын білдірді.

БҰҰ деректеріне қарағанда бұл көрсеткіш өткен жылы Түркия, Ливия,  Иордания, Ирак және Мысырда 4,8 миллион болатын.

Осы арада аймақта ең көп босқынды Түркия қабылдады.  Түркияда шамамен 3 миллион сириялық босқын тұрады.

БҰҰ Миграция жоғары комиссариатының хабарламасында 2016 жылдың 30 наурыз күнгі Женева конференциясы кезінде 2018 жылға дейін көрші елдердегі 500 мың сириялық азаматтың басқа елдерге орналастырылуына уәде берілгеніне қарамастан, қазірге дейін тек 250 мың босқынға қайта орналасу мүмкіндігі берілді.

БҰҰ Миграция жоғары комиссары Филиппо Гранди қайтадан орналастырудың босқындардың қорғалуы үшін өміршең маңызды екені айтты. Ол уәде берген елдерді уәделерін орындауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар