Сирия режимінің шабуылдарында 12 адам қаза тапты

Ел көлеміндегі шабуылдарда жалпы 82 адам жарақат алды.

702163
Сирия режимінің шабуылдарында 12 адам қаза тапты

Сирияда Башар Асад режимінің Дамаск, Дера және Идлиб қалаларында оппозицияның бақылауындағы аймақтарға жасаған әуе шабуылдарында 12 жазықсыз адам қаза тапты, 82 адам жарақат алды.

Режимнің соғыс ұшақтарының Дамасктың Шығыс Гута аймағындағы Земелька ауданына жасаған шабуылында 4 бейбіт адам қаза тапты, 7 адам жараланды.

Дамасктың Кабун аумағына жасалған хлор газды шабуылда болса айналаға тараған газдардың салдарынан 35 адам науқастанды.

Режим ұшақтары Идлибтің Маарет эн-Нуман ауданына қарасты Дейр эш-Шарки ауылында болса нан тарату орталығы бомбаланды.

Шабуылда 8 адамның қаза тауып, 35 адамның жарақат алғаны білдірілді. Нан тарату орталығы қирады.

Соғыс ұшақтарының Дерада оппозиционерлердің бақылауындағы Буср әл-Харир ауданында болса тұрғын аймағын нысанаға алды және 5 жазықсыз адам жараланды.

19 наурыз күні Ракка қаласы маңындағы бір ауылда мектепке жасалған және кем дегенде 33 бейбіт адам қаза тапқан әуе шабуылына Неміс әуе күштерінің қатысы бар екені алға тартылды.

NDR, WDR және Süddeutsche газеттерінің ортақ хабарына қарағанда ДАИШ-ке қарсы коалицияда орын алған Германияның торнадо барлау ұшақтарының 19 наурыз күні Ракканың 30 шақырым батысында Евфрат өзені жағалауындағы Мансура ауданынан түсірген фотосуреттерге қарағанда коалиция күштеріне жеткізілген соң жасалған бомбалауда көптеген бейбіт адамның қаза тапқаны атап көрсетілді.

Хабарда орталығы Ұлыбританиядағы Сирия Адам құқықтары ұйымы бұрын мектеп ретінде қолданылған ғимаратқа жасалған шабуыл нәтижесінде қаза тапқандардың бейбіт адамдар екенін білдіргені жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар