CBS телеарнасы ФЕТӨ-нің АҚШ-тағы заңсыз жұмыстарын әшкереледі

«Гүленмен байланысты келісім-шартты мектептер ақшаны жасырады».

702420
CBS телеарнасы ФЕТӨ-нің АҚШ-тағы заңсыз жұмыстарын әшкереледі

Бағдарламада Фетуллахшы террор ұйымының АҚШ-тағы келісім-шартты мектептері арқылы түскен ақшаны Түркиядағы қозғалысқа аударғаны және Федералдық тергеу бюросының (FBI) бұл ақшаны тергегені атап көрсетілді.

АҚШ сыртқы істер министрлігінің бір лауазымдысы айтқан «Гүленмен байланысты мектептер ақшаны жасырады» және «Ортада ұйымдастырылған қылмыс бар» деген сөздеріне орын берілді.

АҚШ-та жалпы 136 келісім-шартпен жұмыс істеген ФЕТӨ-мен байланысты мектепке 2010 жылдан бері 2,1 миллиард долларлық қаржы бөлінген бағдарламада бұл ақшалардың қалай жұмсалғанын нақты түрде мәлімдеу керектігіне назар аударылды.

Ұйымның Техас пен Огайодағы мектептерінде  мұғалімдік жасаған Эрсин Конкур және Мұстафа Эманеттің еңбекақыларының дәл жартысын ұйымға беруге мәжбүрленгені атап көрсетілді.

Федералдық тергеу бюросының аталмыш мектептерде ФЕТӨ-мен байланысты басшылар құрған фирмаларға берілген 5 миллион доллар мен бұл ақшаның Түркияға аудару кезеңінің ізіне түскені білдірілді.

Бағдарламада АҚШ-тың бұрынғы Анкара өкілетті және төтенше елшісі Джеймс Джеффри болса  ФЕТӨ-нің екі ел ынтымақтастығына зиян келтіргенін, мұның да Таяу Шығыстың тұрақтылыққа қол жеткізуі алдында тосқауыл екенін атап айтты.

Бағдарламаның АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Түркия сапары алдында жариялануы назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар