Жаңа Зеландия 3 миллион доллар жәрдем жасайды

Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрі Маррей Маккалли елінің Африка мен Йеменге жәрдем жасайтынын жариялады.

701428
Жаңа Зеландия 3 миллион доллар жәрдем жасайды

Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрі Маррей Маккалли елінің Африка мен Йемендегі ашаршылықты жою жұмыстарына үлес қосу мақсатты 3 миллион долларлық жедел жәрдем жасайтынын мәлімдеді.

Маккалли жедел жәрдемді Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет парақшасынан жасаған мәлімдемемен жариялады.

Министр Маккалли жәрдемге мұқтаж адамдарға Халықаралық Азық-түлік бағдарламасы, Халықаралық Қызыл крест комитеті және Жаңа Зеландия жәрдем мекемелері арқылы жеткізілетінін атап көрсетті.

Ашаршылық шеккен аймақтардың кейбірлерінде қуаңшылық, қақтығыс және қауіпсіздіктердің маңызды бір гуманитарлық тапшылыққа жол ашқанын атап көрсеткен Маккали «Африка мүйісі (Сомали), Нигерия және Йеменде қазір 20 миллионнан астам адам ашаршылық немесе маңызды азық-түлік жеткіліксіздігімен бетпе-бет қалуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар