Трамп әкімшілігі Израильге ескерту жасады

Дональд Трамп әкімшілігі Израильге жаңа тұрғын аймақтары құрылысы тақырыбында ескерту жасады.

698433
Трамп әкімшілігі Израильге ескерту жасады

Ақ Үй әкімшілігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Вашингтонда АҚШ пен Израиль делегацияларының 20-23 наурыз күндерінде Газа секторы мен Батыс Шериядағы экономикалық ахуалға байланысты келіссөздер үшін басқосқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде АҚШ тарапының президент Трамптың Израиль тұрғын аймақтары тақырыбындағы уайымдарын Израильдік делегацияға жеткізгені білдірілді.

Мәлімдеме екі тараптың Газа халқы пайдалана алатын шараларды қабылдау тақырыбында келіскені және 2014 жылы Мысырдың бас қаласы Каирде жүзеге асқан Газаның қайта құрылысы конференциясына қатысқан барлық тараптар берген уәделерін орындауға шақырылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар