Президент Дональд Трамптан Меркельге Түркия сабағы

Германия канцлері Ангела Меркель АҚШ президенті Дональд Трамппен Ақ Үйде басқосты.

695041
Президент Дональд Трамптан Меркельге Түркия сабағы

Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) жұма күні ресми сапармен барған Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ақ Үйде жүзеге асқан кездесуінің егжей-тегжейі ортаға шықты.

Баспасөзге жабық өткен жиналыс 1 сағатқа жалғасты. Жиналыста «Түркия біз бен Еуроодақ елдерін босқын тақырыбымен қорқытуда. Соңғы кезеңде арамызда дағдарыс бар» деген Меркель Трамптың «Түркия босқындар тақырыбында бүкіл Еуропа елдеріне қарағанда көп кеңшілік жасады. Көрініс сіз білгенше емес» деген сөздерінің артынан аң-таң болды.

Трамптың жауабына таңқалған Меркель тақырыпты жауып, екі ел ынтымақтастығына көшті.

Трамптың Ақ Үйдегі кездесуде Меркельдің қолын алмауы, АҚШ қоғамы мен бұқаралық ақпаратта ең көп әңгіме болған тақырыптардың бірі болған еді.

Тілшілердің екі басшының қол алысуын сұрауының артынан Меркель Трампқа бұрылып, «Қол алысайық па?» деп сұрады. Алайда канцлерге Трамп жауап қайтармады.

Трамп Меркельдің сапарының артынан жазған твитте Германияның НАТО мен АҚШ-тың оларға қамтамасыз еткен қорғанысы үшін қарыздарын төлеу керектігін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар