Мексикадағы топтық мазардан 250 адамның бас сүйегі табылды

Веракрус штаты республикалық прокуроры Хорге Винклер топтық мазар жайлы мәлімдеме жасады.

691732
Мексикадағы топтық мазардан 250 адамның бас сүйегі табылды

Веракрус штаты республикалық прокуроры Хорге Винклер жергілікті баспасөзге жасаған мәлімдемеде қаланың қиыр көшелерінен бірінде табылған мазардан 250 адамның бас сүйегі табылғанын атап көрсетті.

Бас сүйектерінің жылдар бұрын есірткі барондары тарапынан өлтіріліп жерленген адамдардікі екенін болжағандарын білдірген Винклер мазардың қалай табылғаны жайлы мағлұмат бермеді.

Винклер аймақта ең көп адамның жерленген болуы мүмкін екенін атап айтты.

Веракрус штатында жұмыс істейтін «Colectivo Solecito» сияқты азаматтық қорғаныс топтары жоғалған адамдардың табылуы үшін мұндай қазбалар жүргізген және лауазымдылардан қолдау сұраған еді.



Ұқсас жаңалықтар