Араб тайпалары армия құрады

Арабтар террор ұйымдарына қарсы бірігеді.

691678
Араб тайпалары армия құрады

Араб тайпалар бөлшектеуші террор ұйымы PKK және оның Сириядағы жалғасы PYD мен ДАИШ-ке қарсы армия құрады.

Сирияда осы террор ұйымдары тарапынан жерлері басып алынған арабтың 50 тайпасының басшысы әскери және саяси құрылым үшін Шанлыурфа қаласында бас қосты.

Жиналыстың тақырыбы – «Барлығымыз бірге Асад-Орыс-Иран және Хизбулла мен ДАИШ және PYD-ні жою үшін бірлесейік»

Араб тайпалары террор ұйымдарын тазалау үшін «Ел Жазира және Евфрат тайпалар армиясы» деген атпен әскери құрылым жоспарлағандарын хабарлады. Жаңа әскери құрылымды Асад әкімшілігінен бөлінген офицерлер мен Еркін Сирия армиясы қолбасшылары басқарады.

Жиналысқа қатысқан тайпалар атынан ашылу баяндамасын оқыған Шуайтат тайпасының басшысы Шейх Рафи әр Ражо Укла: «Америка Құрама Штаттары PYD-ге қолдау беріп отыр. PYD-нің ДАИШ-тен айырмашылығы жоқ.  Олар да көптеген отбасыны елінен айырды. 50-ден астам ауылда арабтарды көшіп кетуге күштеді» деді.

Укла АҚШ-тың да осы шақыруды естуін тілге тиек етіп, 3 миллион босқынға есігін ашқан Түркия және қолдау бергені үшін Катар және Сауд Арабиясына алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар