Бретт Мак-Гурка Ирак жайлы мәлімдеме жасады

Иракта қолға түсірілген территорияның 65 пайызы қайтарып алынды

690142
Бретт Мак-Гурка Ирак жайлы мәлімдеме жасады

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың ДАИШ-пен күресуге жауапты арнайы өкілі Бретт Мак-Гурка ұйымның Иракта қолға түсірілген территорияның 65 пайызын қайтарып алғанын айтты.

Бретт Мак-Гурка Америка Құрама Штаттарының елшілігінде жасаған мәлімдемесінде Ирак күштерінің коалиция күштерінің қолдауымен 50 мың шаршы километр территорияны ДАИШ-тен қайтарып алғанын, бұның да террордың бақылау астына алынған территорияның 65 пайызына тең келгенін білдірді.

Иракқа қолдауының АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігінің басты тақырыптарының бірі екенін айтқан Мак-Гурка «Иракпен қарым-қатынастарымызды жалғастырамыз» деді.

Премьер-министр Хайдар эл-Ибадидің АҚШ-қа барып, президент Дональд Трамппен кездесетіні жайлы мәлімет берген Бретт Мак-Гурка бұның «Тарихи сапар» болатынын айтты. 


Этикеттер: #Ирак , #АҚШ , #ДАИШ

Ұқсас жаңалықтар