Ердоған мен Путин кездесуде

Ердоған мен Путин Кремль сарайында бас қосты.

689005
Ердоған мен Путин кездесуде

Президент Ердоған ресми сапармен Мәскеуге барды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен соңғы 6 айдағы 4 реткі кездесуін бүгін Мәскеуде өткізді.

Екі лидер Кремль сарайында бас қосты. Кездесу қарсаңында қысқаша мәлімдеме жасаған президент Ердоған екі ел арасындағы ынтымақтастығының әсіресе Аккую атомдық станциясы мен Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі жобасы аясында күшейіп  жалғасқанын айтты.

Путинмен екі жақты қарым-қатынастармен қатар аймақтық оқиғалар жөнінде пікір алмасатынын білдірген Ердоған осы кездесуден кейін екі елдің аймақтағы ықпалының тіпті артатынын түсіндірді.

Ресей президенті Владимир Путин болса «Ресей мен Түркия соңғы кезеңде Сирияны қамтыған әлемдегі дағдарысты шешу үшін белсенді рөл атқаруда. Ресей мен Түркия қорғаныс органдары және ұлттық барлау ұйымы деңгейінде керемет байланыс жасады. Ресей мен Түркия әскерлері арасында мұндай қою ынтымақтастықты ешкім күтпеген еді» деген сөздер қолданды.

Ресей президенті Путин мемлекеттер арасы қарым-қатынастарының тез қарқында қалыпқа түскеніне риза екенін білдіріп «Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың өте керемет деңгейге жетуі үшін құлшына жұмыс істеудеміз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей сапарына Бас штаб төрағасы генерал Хулуси Акар және 8 министр серік болуда.

 



Ұқсас жаңалықтар