Азанға тыйым салатын заң қабылданды

Заң жобасы мәжілісте қабылданды.

687472
Азанға тыйым салатын заң қабылданды

Израильде азанның белгілі уақыттарда оқылуына тыйым салуға байланысты заң жобасы Кнессетте қабылданды.

Жоба арқылы азанның түнгі сағат 23,00 мен таңғы 07,00 арасында дауыс зорайтқышпен оқылуына тыйым келтіріледі. Мәжілістегі дауысқа салуда 55 депутат «қабыл», 48 депутат «қарсы» дауыс қолданды.

Израиль парламенті Кнессеттегі араб депутаттар дауысқа салудың нәтижесін тәкбір айтып протест етті.

Артынан мінберге шыққан араб депутат Ахмед Тийби: «Азан – намазға шақыру. Нетаньяху және оның асыра оңшыл қолдаушыларына қарамастан осы топырақта жаңғырады» деді.

Жобаның заңға айналуы үшін екі бөлек отырыста қабылдануы керек.



Ұқсас жаңалықтар