ДАИШ басшысы Ирактағы жеңілісті мойындады

Әбу Бәкір Әл-Бағдадидің террористтеріне қашу немесе жасырынуға бұйрық бергені алға тартылды.

682376
ДАИШ басшысы Ирактағы жеңілісті мойындады

ДАИШ террор ұйымының басшысы Әбу Бәкір Әл-Бағдадидің Иракта жеңілісті мойындағаны және террористтеріне қашу немесе жасырынуға бұйрық бергені алға тартылды.

Әл-Сумарийе (Al Sumaria) телеарнасының Нинова уәлаятындағы ақпарат көздеріне сілтеген хабарына қарағанда Әбу Бәкір Әл-Бағдади «Қоштасу баяндамасы» тақырыпты бір әңгімені жариялап жеңілісті мойындады.

Ирактағы кеңселерін жабуға бұйрық берген Бағдадидің араб террористтерге жасырынуларын, батыс террористтерге болса елдеріне оралуға немесе өздерін жанкешті қылуға тапсырма бергені алға тартылды.

Басқа жағынан Ирактағы көптеген террористтің Сирияға қашқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар