Германияда өткен жылы босқындарға қарсы 3 мың 533 шабуыл жасалды

Германияда өткен жылы босқындарға бағытталған 2 мың 545, босқын жатақханаларына қарсы 988 шабуыл тіркелген.

680668
Германияда өткен жылы босқындарға қарсы 3 мың 533 шабуыл жасалды

Германияда өткен жылы босқындар мен босқын жатақханаларына 3 мың 533 шабуыл жасалды.

Функе (Funke) медиа тобы құрамындағы журналисттердің хабарына қарағанда Германия Федеральды Ішкі істер министрлігінің Солшыл партияның сұрағына қайтарған жауабында өткен жылы босқындарға бағытталған 2 мың 545, босқын жатақханаларына болса 988 шабуыл тіркелгенін атап көрсетті.

Аталмыш шабуылдарда араларында 43 бала да бар 560 адам жарақат алды.

Осыған қоса жәрдем мекемелері мен босқындарға жәрдем жасаған адамдарға бағытталған 217 шабуылда тіркелді.

Солшыл партия депутаты Улла Желпке босқындарға бағытталған бұл шабуылдарды айыптап, Германияда босқындарға қарсы күніне орташа 10 шабуыл жасалғанына назар аударды.

Неміс үкіметінің үздіксіз заңдарды қатал қылып, босқындардың қауіп төндіргені жайлы көзқарас қалыптастырудан бастарту керектігін меңзеген Желпке «Радикал оңшыл қақтығыстардың ішкі қауіпсіздіктің басты себеп және ішкі саясат күн тәртібінің бірінші мәселесіне айналуы үшін міндетті түрде өлімдер болуы керек пе?» деп сұрады.



Ұқсас жаңалықтар