ДАИШ шабуылдады

ДАИШ-тің жанкешті шабуылында 47 адам опат болды.

679374
ДАИШ шабуылдады

Сирияда Әл-Бабтың солтүстігінде террор ұйымы ДАИШ-тің жанкешті шабуылында 47 адам опат болды.  Құрбандардың көбі бейбіт халықтан тұрады.

Террористтер Сусян ауылындағы Еркін Сирия армиясының штабын нысана алып шабуыл жасады.  Шабуылда 60-тан астам адам жарақат алды.

Штабқа бағытталған шабуылы табыссыз болған террористтер бомба тиелген көлікті бейбіт халықтың ортасында жарды.

Сирия Адам құқықтары ұйымынан мәлімет алып хабар жариялаған AFP агенттігі қаза тапқандардың көбінің сириялық оппозиционерлер екенін білдірді.

Жарақат алған азаматтар жедел жәрдем көліктерімен Түркияның Газиантеп және Килис қалаларындағы ауруханаларға жеткізілді.  Оқиға болған жерде қауіпсіздік шаралары қолданылды.

Түрік Қарулы күштері қолдау беріп отырған Еркін Сирия армиясы Әл-Баб ауданының орталығын кеше бақылауына алып,  террористтердің төсеп кеткен мина және басқа да жарылғыштарын тазалай бастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар