АҚШ президентінің сөздері Швецияны таңқалдырды

АҚШ президентінің сенбі күнгі митингте айтқан сөздері дипломатиялық дағдарыс туғызды.

675809
АҚШ президентінің сөздері Швецияны таңқалдырды

Швецияның Вашингтон өкілетті елшілігі АҚШ Сыртқы істер министрлігіне шағымданып, президент Дональд Трамптың сенбі күні айтқан «Кеше кешкі уақытта Швецияда не болғанын көрдіңдер!» деген сөздері үшін ресми мәлімдеме талап етті.

Швеция Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Катарина Акселссон жасаған мәлімдемеде «Трамптың не туралы айтқысы келгенін білгіміз келеді. Вашингтон өкілетті елшілігіміз арқылы ‘Швецияда не болған’ деген сөздері үшін мәлімдеме сұрадық» деді.

Басқа жағынан бұрынғы Сыртқы істер министрі Карл Бильдт твиттер парақшасында «Швеция? Террор шабуылы? Не ішкен екен? Қойылатын сұрақ аз емес» деп жазды.

АҚШ президенті Трамп сенбі күні ұйымдастырған митингте «Кеше кешкі уақытта Швецияда не болғанын көрдіңдер, бұған кім сенеді дейсіз? Швеция көптеген босқын қабылдады. Қиялға қонбайтын мәселелермен бетпе-бет тұр» деген сөздері Швецияны таңқалдырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар