Әбу Бекир әл-Бағдади жиналыс өткізген ғимарат бомбаланды

ДАИШ басшысы мен қолбасшылары жиналыс өткізгені алға тартылған ғимарат бомбаланды.

671904
Әбу Бекир әл-Бағдади жиналыс өткізген ғимарат бомбаланды

Ирактың астанасы Бағдаттың кейбір аймақтарында бомбалы шабуылдар жасалды. Шабуылдарда 4 адам қаза тапты, 16 адам жарақат алды.

Бағдаттың батысындағы Әбу Гурейб ауданында жолға орналастырылған жарылғыш әскери көлік өткен кезде жарылды, жарылыста 1 әскер қаза тапты, 3 әскер жарақат алды.

Қаланың оңтүстігіндегі Хаййу’л Илам аймағында жасалған бомбалы шабуылда болса 2 адам қаза тапты, 5 адам жарақат алды.

Нехреван аймағындағы шабуылда болса 1 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алды.

Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.

Басқа жағынан Ирак армиясы ДАИШ террор ұйымы басшысы Әбу Бекир әл-Бағдадидің Сириядан Иракқа өткені анықталған соң операция басталды.

Елдің батысында Әбу Бекир әл-Бағдадидің террор ұйымының кейбір қолбасшыларымен жиналыста екені жайлы ақпарат түсті.

Жиналыс өткен ғимарат бомбаланды.

F-16 соғыс ұшақтарымен жасалған әуе шабуылында ДАИШ-тің жоғары лауазымды 13 тұлғасы өлтірілді.

Өлтірілген ДАИШ қолбасшыларының кім екені анықталды. Бірақ Әбу Бекир әл-Бағдадидің жағдайы жайлы мағлұмат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар