Сирияда режим мен оппозиция тұтқындарды алмасты

Сирияда режим күштері мен оппозиционерлер арасында әйел мен бала тұтқындар алмастырылды.

667652
Сирияда режим мен оппозиция тұтқындарды алмасты

Тұтқын алмастыру елдің солтүстік батысындағы Хама қаласында жүзеге асты.

Тұтқындар Сирия Қызыл жарты айының көліктерімен жүзеге асты.

Асад режимі 55 тұтқын оппозицияны өткізгенде, оппозиционерлердің қолындағы 54 әйел мен бала да режим күштеріне қайтарылды.

Оппозиционерлер алмастырған тұтқындардың мұның алдында террор ұйымы ДАИШ-тің қолында екені, Лазкийе ауылдық аймағындағы қақтығыстың артынан террор ұйымының аймақтан шегінуімен оппозиционерлер тарапынан құтқарылғаны жарияланды.

Режимнің оппозиционерлерге өткізген тұтқындар арасында «Free20Campaign» аясында «саяси әйел тұтқын» мәртебесінде еркін жіберілуі талап етілген Реша Чорбашы мен 4 баласы да бар.

Сирияда режим түрмелерінде әлі мыңдаған саяси тұтқын қамауда.



Ұқсас жаңалықтар