Сирия келіссөздері Астанада өтеді

Сирия келіссөздері 15-16 ақпан күндері аралығында Астанада өткізілуі жоспарлануда.

667153
Сирия келіссөздері Астанада өтеді

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия келіссөздерінің екінші турының осы айдың орталарында елордасы Астанада өтетінін айтты.

Астана жиналысына қатысқан Ресей делегациясы төрағасы болса, келіссөздердің 15-16 ақпан күндері аралығында өткізуді жоспарлағанын баяндады.

Қазақстан елордасы Астанада Ресей, Иран, Түркия және Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілдері қатысқан бір жиналыс ұйымдастырылды.

Қаңтар айында Астанада Сирия келіссөздерінің кепілгер мемлекеттері ретінде Түркия, Ресей және Иран Сирияда оқ атуды тоқтатуды қадағалау үшін үштік бір механизм құруға шешім қабылдаған еді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы басшылығында Сирия келіссөздері 20 ақпан күні Швейцарияның Женева қаласында жалғасады. 



Ұқсас жаңалықтар