АҚШ-тық фирмалар Трамптың шешімін Аппеляция сотына шағымданды

АҚШ-тың 97 фирмасы мұсылман 7 ел азаматтарына елге кіру тыйымына наразылық көрсетті.

666769
АҚШ-тық фирмалар Трамптың шешімін Аппеляция сотына шағымданды

АҚШ-та 97 фирма басшысының президент Дональд Трамптың мұсылман 7 елдің азаматтарына қойған виза шектеуі және елге кіру тыйымына қарсы қол қойғандары ортақ декларация Аппеляция сотына ұсынылды.

«Google», «Apple», «Microsoft», «Facebook», «Twitter», «Intel» және «Netflix» сияқты АҚШ-тың үлкен фирмаларының басшылары қол қойған ортақ декларацияда Трамптың виза тыйымының елдегі босқындар заңы мен АҚШ атазаңына қарама-қайшы екені атап көрсетілді.

Декларацияда Трамптың виза тыйымының АҚШ-тың заңдарында аяқ астынан өзгерістерге себеп болғаны аталып, АҚШ-тық фирмаларға маңызды деңгейде зиян келтіре алатынына назар аударылды.

Мамандар бұл заңдық бастаманың Трампқа қарсы ашылған бір сот болмағанына назар аударып, фирма лауазымдыларының қол қойғандары декларацияның Аппельяция сотында назарға алынуын талап еткендерін атап көрсетті.

Вашингтон штаты Сиэтл қаласының Федералдық прокуроры Джеймс Робарт жұма күні Дональд Трамптың виза тыйымын тоқтатқан болатын. Әділет министрлігі  болса тыйымның қайта күшіне енуі үшін Сан-Францискодағы Аппеляция сотына шағымданған, бірақ аталмыш сот жексенбі күні азанда бұл сұранысты кері қайтарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар