«Путин қанішер!»

АҚШ президенті «Путин қанішер!» деген журналисттің сөздеріне «АҚШ жазықсыз ба?» деп жауап қайтарды.

666204
«Путин қанішер!»

АҚШ президенті Дональд Трамп «Fox News» арнасына берген сұхбатында елі туралы жаңғырық туғызатын пайымдар жасады.

Сұхбат жасаған журналисттің «Путин қанішер» деген сөздеріне Трамп «АҚШ жазықсыз ба?» деп жауап қайтарды.

Трамп «Fox News» арнасының белгілі журналисті Билл О’Райлидің сұрақтарына жауап қайтарды.

Трамп О’Райлидің «Ресей президенті Владимир Путинді құрметтейсіз бе?» деген сұрағына «Көптеген адамды құрметтеймін. Бірақ бұл онымен бірге қозғаламын деген мағынаға келмейді. Ол өз елінің президенті. Ресеймен қозғалмағаннан гөрі қозғалған жақсы деп ойлаймын» деп жауап қайтарды.

О’Райлидің «Бірақ ол қанішер, Путин қанішер!» деген сөздеріне болса «Көптеген қанішер бар. Біздің де қанішеріміз көп. Не ойлайсың? Еліміз жазықсыз деп ойлайсыз ба?» деп жауап қайтарды.

Журналист Билл О’Райлидің«Путин қанішер!» деген сөздеріне Ресейден наразылық келді.

Кремль мәлімдемесінде қарағандаБилл О’Райлидің «Путин қанішер!» деген сөздерін қабылдамағандарын атап, «Fox News»-тің осы сөздері үшін кешірім сұрау керектігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар