АҚШ Сенаты Трамптың министр үміткерлерін бойкот етті

АҚШ Сенаты президент Дональд Трамп ұсынған үш министр үміткерін бекіту процесін кешіктіруде.

662934
АҚШ Сенаты Трамптың министр үміткерлерін бойкот етті

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сенатындағы демократтар президент Дональд Трамптың Әділет, Қазына және Денсаулық сақтау министрлігі міндетіне көрсеткен үміткерді бекітуді кешіктіруде.

Демократ сенаторлар Әділет министрі үміткері Джефф Сешнстің үміткерлігі жайлы Сенат комитетіндегі отырысты созып, келесі сәрсенбі күніне қалдырды.

Қазына және Денсаулық сақтау министрлерінің бекітілуі болса бойкот етілді.

Сенаттағы демократтар Трамптың Қазына министрі үміткері Стивен Манучин және денсаулық сақтау министрі үміткері Томас Прайстың бекітуі үшін өтетін дауыс беруге қатыспады.

Бойкот себепті дауыс беру кейінге қалдырылды.

Оппозиция Прайстың денсаулық және дәрі-дәрмек фирмаларымен Манучиннің атқару кеңесі төрағасы екені «OneWest» атты банкпен арасындағы қаржы жұмыстары себеп көрсетілуде.

Басқа жағынан Сенат Трамптың Қатынас министрлігіне сайланған Илейн Чаоның үміткерлігін 6 қарсы, 93 қабылдау дауысымен қабылдады.

Бойкоттарға әлеуметтік медиа арқылы наразылық көрсеткен Трамп «Демократтар бізге Әділет министріміз бен үкіметтің қалған мүшелерін қашан тапсырмақ?» деп сұрақ қойып, Вашингтон әкімшілігінің жұмыстарын тоқтатумен айыптады.



Ұқсас жаңалықтар