АҚШ президенті Трамптың жарлығы протест етілді

Дональд Трамптың мұсылман елдердің азаматтарына виза шектеуі қоюына АҚШ халқы наразылық көрсетті.

661667
АҚШ президенті Трамптың жарлығы протест етілді

АҚШ президенті Дональд Трамптың жұма күні қол қойған президенттік жарлықпен тұрғындарының көпшілігі мұсылман болған елдерге іске қосылған виза шектеуіне ел көлемінде наразылықтар артуда.

Ақ үй әкімшілігі алдында жиналған мыңдаған адам Сирия, Ирак, Иран, Ливия, Йемен, Судан және Сомали азаматтарына Трамптың 90 күнге шекараларын жабуын протест етті.

Көпшілігі АҚШ-тық мұсылмандардан құралған бірақ басқа дінге мүшесі мыңдаған американдық та қолдау берген шеруде «Баршамыз босқынбыз» және «Бұл жер үйіміз» сияқты ұрандар тасталды.

АҚШ-тың «еркіндіктер мен босқындар мемлекеті» екеніне назар аударған көптеген плакат көтерілген шеруде елдің әртүрлі штаттарынан жиналған мыңдаған адам бір ауыздан жаңа президент Дональд Трампты протест етті.

Ақ үй алдындағы шерудің артынан мыңдаған адам АҚШ Конгресіне дейін жаяу жүріп, шерулерін осында жалғастырды.

Екі күннен бері елдің көптеген қаласындағы Трампқа қарсы протесттер мен босқын саясаты жайлы әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеме жасаған Трамп болса қабылдаған шешімдерді қорғады.

«Еліміздің мықты шекаралар мен қатаң қауіпсіздік ережелеріне қажеттілігі бар. Барлық Еуропа мен әлемдегі оқиғаларға қараңыз, толығымен трагедиялық бір апат» деп жазған Трамп алдынғы мәлімдемелерінде АҚШ-ты ДАИШ террор ұйымы қаупіне қарсы қорғау үшін қатаң виза режимінің іске қосылатынын тілге тиек еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар