Астана процесінің екінші күні

Астана процесі тараптардың алғаш рет халықаралық бір жиналыста бас қосуы тұрғысынан өте маңызды.

657657
Астана процесінің екінші күні

Сирия дағдарысын шешуге бағытталған Астана процесінің бүгін екінші күнгі келіссөздері жалғасады. Төрткүл дүние көз тіккен маңызды шараны әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары да жіті назарда ұстап отыр. 

Жиналысқа Сирия әскери оппозиция делегациясы, Асад режимі, Ресей, Иран, Америка Құрама Штаттары және Біріккен Ұлттар Ұйымы делегациясы қатысуда.

Алдымен оппозиция делегациясы, Түркия, Ресей және Біріккен Ұлттар Ұйымынан құралған ортақ делегация бас қосты.

Оппозициялар режим және қолдаушы шетелдік террорист топтардың атысты тоқтату келісімінің бұзылуы, қоршау астындағы аймақтарға гуманитарлық жәрдемнің жеткізілуі, Иран әскерлері мен Тегеранның қолдауындағы қарулы топтардың мемлекеттен кетуі және әйел саяси қылмыстылардың еркін қоя берілуі жөніндегі талаптарды жазбаша жеткізілді.

Ресей мен Біріккен Ұлттар Ұйымы оппозициялардың талаптарын режим делегациясына жеткізді.

Режим делегациясының ұсыныстары да тағы Ресей мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы оппозицияларға жеткізілді.

Режимнің БҰҰ өкілі Башар әл-Жафери жиналыста Асад әкімшілігінің атысты тоқтатуға байланысты тұғырын алғашқы сессияда ортаға қойды.

Оппозициялардың мәлімдемешісі Яхя әл-Ариди жасаған мәлімдемесінде оппозициялардың Түркия-Ресей-Біріккен Ұлттар Ұйымы ортақ делегациясымен кездесулердің табысты өткенін баяндады.

Астана процесі Сирияда 6 жылдық ішкі соғыста оппозиция, Асад режимі, Иран және Ресейдің алғаш рет халықаралық бір жиналыста бас қосуы тұрғысынан өте маңызды. 


Этикеттер: #Астана , #Ресей , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар