Мысыр Жоғары соты Сиси әкімшілігінің шешімін қабылдамады

Мысыр Жоғары соты Қызыл теңіздегі аралдарды Сауд Арабиясына қалдыру шешімін қабылдамады.

652810
Мысыр Жоғары соты Сиси әкімшілігінің шешімін қабылдамады

Мысыр Жоғары соты Қызыл теңіздегі Санафир мен Тиран аралдарын Сауд Арабиясына қалдыру шешімін қабылдамады.

Сот Санафир және Тиран аралдарының Мысырдікі екенін, үкіметтің бұған қарама-қайшы дәлел ретінде құжат ұсына алмағанын білдірді.

Сот төменгі бір сот тарапынан қабылданған «аралдарды Сауд Арабиясына қайтару шешімі заңсыз» деген шешімінің дұрыс екенін атап көрсетті.

Сисидің бұл шешімді аппеляция сотына апаруы күтіледі.

Аралдардың Сауд Арабиясына өткізу туралы заң жобасы Мысыр парламентінің бекітуін күтуде.

Сиси өткен жылы Сауд Арабиясымен аралдардың қайтарылуымен берілетін жәрдем пакеті тақырыбында келіскен болатын.

Бірақ Сирия себепті Эр-Рияд пен Каир арасындағы қарым-қатынастар бұзылып, Сауд Арабиясы 1 қазан күні Мысырға мұнай тасымалдауын тоқтатқан болатын.

Сауд Арабиясы болса аралдардың өзінікі екенін, 1950 жылы қорғау мақсатты Мысырдың бақылауына қалдырылғанын алға тартады.



Ұқсас жаңалықтар