Француз әскерлерінің YPG-ні жаттықтырғаны алға тартылды

Француз әскерлерінің Айн әл-Арабтағы Американ әскери базасына қоныстанғаны атап көрсетілді.

649113
Француз әскерлерінің YPG-ні жаттықтырғаны алға тартылды

Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы ПЙД-нің қарулы қанаты YPG және оған қарасты Демократиялық Сирия күштерін француз әскерлердің жаттықтырғаны алға тартылды.

Орталығы Ирактың Эрбиль қаласындағы «BasNews»-тің қауесетіне қарағанда 100 француз әскері кеңесшілік және оқу-жаттығу мақсатты YPG қатарында Ракка операциясына дайындалады.

Француз әскерлерінің коалиция күштеріне қарасты YPG/DSG-ге әскери кеңесшілік, операция жоспарлау және әуе операцияларында координация тақырыбында қолдау бергені білдірілді.

Француз әскерлерінің көпшілігінің Айн әл-Араб (Кобани) Американ әскери базасына қоныстанғаны атап көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар