АҚШ Конгресіне Ресейге бағытталған жаңа санкциялар ұсынылды

АҚШ-та бір сенатор Ресейге бағытталған жаңа санкцияларды қамтитын бір заң жобасы ұсынды.

648679
АҚШ Конгресіне Ресейге бағытталған жаңа санкциялар ұсынылды

Сенатор Бен Кардин жасаған мәлімдемеге қарағанда Ресейге бағытталған жаңа санкция бастамалары АҚШ-тағы сайлауға араласу қауесеттеріне қоса, Украина мен Қырымдағы жағдаймен байланысты басталды.

Санкциялардың Ресейдің энергия саласы және мемлекеттік қарыздары мен инвестицияларын қамтитыны атап көрсетілді.

Сенатор Кардин «АҚШ-тың Конгресі жаңадан сайланған президент Дональд Трамптың ұстанымы қалай болса да, Ресейдің Украина мен Сириядағы операциялары тоқтау керек» деді.

Рейтер агенттігі республикашыл сенатор Джон Маккейн және демократ сенатор Роберт Менендез мен Бен Кардин тарапынан дайындалған заң жобасының АҚШ-та мемлекеттік және жекеменшік инфрақұрылым мен демократиялық мекемелердің кибер қауіпсіздігін нысанаға алған жұмыстарға қатысы барлар мен қылмыстыларға жәрдемдескендер үшін виза шектеуі және банктегі шоттарын кепілдікке алуды қамтығанын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар