Трамп елге жұмыс визасымен келгендерді нысанаға алды

Дональд Трамптың елге жұмыс үшін келгендерге берілген H-1B визасы жоюы мүмкін екені білдірілді.

648117
Трамп елге жұмыс визасымен келгендерді нысанаға алды

АҚШ-та 20 қаңтар күні президенттік міндетті Барак Обамадан қабылдап алатын Дональд Трамптың елге жұмыс бабында барғандарға берілген H-1B визасы шектеуін қажет жағдайда жоятыны білдірілді.

Фетуллахшы террор ұйымының Түркиядан әкелген мұғалімдері АҚШ-тағы мектептерде осы визамен жұмыс істейді.

Вашингтон пост газетінің хабарына қарағанда Өкілдер Мәжілісі мүшесі Дэррелл Эсьяның Конгреске ұсынған «жұмыс визасы» заңына Трамптан қолдау келді.

Дональд Трамп H-1B визасын «арзан жұмыс күші» және «үлкен кемшілік» ретінде бағалады.

Аталмыш заң арқылы елдегі қазіргі жұмыс күші мүмкіншілігінің шетел азаматтарына берілуінің тоқтатылуы және келетін шетел азаматтарының одан сапалы болуын қамтамасыз ету нысанаға алынады.

Заң бекітілген жағдайда АҚШ-ты өзіне база қылған ФЕТӨ-ге үлкен соққы болады және ұйым мүшелерінің виза жаңарту талаптары қабылданбайды.

ФЕТӨ-нің елде өздеріне қарасты келісім-шартты «Charter» мектептері мен фирмалар үшін «Google» сияқты фирмалардың өзінен аз адам апарғаны және бұл адамдардың көпшілігінің жақсы білім алмағаны, тіпті ағылшын тілінің өзін әрең дегенде сөйлегені атап көрсетіледі.

ФЕТӨ мектептерінде міндет атқарған бір мұғалім 2013 жылы мектептің тәжірибесіз және ағылшын тілін жетік білмеген түрік мұғалімдерінің жұмысқа қабылданғанын және осы қызметкерлерге тәжірибелі американдық мұғалімдермен салыстырғанда одан көп еңбек ақы төлегенін алға тартып, сотқа берген болатын.

Бұл сот ісімен ұйымның H-1B визасының тапталуы күн тәртіпке келіп, АҚШ қоғамында үлкен жаңғырық туғызған еді.



Ұқсас жаңалықтар