Сергей Шойгу Сирия тапсырмаларының орындалғанын мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сирия операцияларын бағалады.

648352
Сергей Шойгу Сирия тапсырмаларының орындалғанын мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сириядағы орыс әуе күштерінің өткен жылы Ресей президенті Владимир Путин берген негізгі тапсырманы орындағанын атап көрсетті.

Қиыншылықтар мен халықаралық коалицияның қолдауының қажеттілігіне қарамастан өкінішке орай осыларға жауап қайтарылмағанын атап көрсеткен Шойгу «Бұл жағдай сол жерге бір ұшақ кемесі тобы, қосымша әуе күштері мен әскери полиция қоныстандыруымызға жол ашты» деді.

Шойгу Ресейдің Сириядағы террормен күрес талпыныстарына «жоқтың қасы» жәрдемдескенін алға тартқан АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картердің «елдерді шатаққа айналдырған болу керектігін» білдірді.

Шойгу Картердің Ресеймен байланысты сөздері үшін «Әріптесімнің пікіріне қосылуым мүмкін емес» деді.

Ресей Бас Штаб Басқармасы төрағасы Валерий Герасимов та орыс әуе күштерінің Сириядағы террорист топтарға қарсы операция бастағанын 2015 жылы қыркүйек айынан бері ДАИШ-тің 174 мұнай өңдеу зауытын жойғанын мәлімдеді.

Герасимов ДАИШ-тің логистикалық жүйесінің жойылғанын, негізгі қаржы көзінен мақұрым қалдырылғанын атап айтты.

Осыған қоса орыс ұшақтарының операцияларын бастаған күннен бері 19 мың рет ұшқанын террористік топтарға 71 мың әуе шабуылы жасағанын атап көрсеткен Герасимов сол уақыт кеңістігінде Сирияда 12 мың 360 шаршы шақырымдық алаңның террор ұйымдарынан тазаланғанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар