Керби ПКК-ның террор ұйымы екенін қайталады

Керби «Түркияны және Түркияның террорға қарсы күресуіне қолдау көрсетудеміз» деді.

647739
Керби ПКК-ның террор ұйымы екенін қайталады

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Керби террор ұйымы ПКК-ның Түркияға аймақтық қауіп болуды жалғастырғанын жариялады.

Керби «Түркияны және Түркияның террорға қарсы күресуіне қолдау көрсетудеміз» деді.

Джон Керби күнделікті баспасөз мәслихатында Ирактың Солтүстік-батысы Синжарда орын алған бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның болмысына байланысты сұрақтарға жауап берді.

АҚШ-тың ПКК-ны террор ұйымы ретінде қарағанын еске салған Керби «ПКК біз үшін бір террор ұйымы болып табылады» деген сөздер қолданды.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Ирак сапарынан кейін жасаған мәлімдемесінде «Синжар аймағында ПКК-ның орын алуы Түркияға қауіп төндіруде. Бұл мәселені егжей-тегжейлі қолға алдық. Түркия шара қолданады» деді.

Президент Режеп Тайып Ердолған да Бинали Йылдырымның Ирак сапары қарсаңында жасаған мәлімдемесінде Синжарға назар аударған еді.

         


Этикеттер: #АҚШ , #Джон Керби , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар