Ирак армиясы Мосулды құтқару үшін жаңа операция бастады

Генерал лейтенант Касым Әл-Мұхаммеди операция жайлы Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасады.

644832
Ирак армиясы Мосулды құтқару үшін жаңа операция бастады

Ирак армиясы Мосулдың батысында террор ұйымы ДАИШ-тің бақылауындағы аймақтарды құтқару үшін ауқымды жаңа бір операция бастады.

Ирак армиясы Әл-Жазира операцияларының қолбасшысы генерал лейтенант Касым Әл-Мұхаммеди, Анадолы агенттігі тілшісіне жасаған мәлімдемеде армия күштерінің Мосулдың батысында террор ұйымы ДАИШ-тің бақылауындағы Анна, Рауа және Әл-Кадим аймақтарын кері қайтару үшін бүгін азанғы уақытта ауқымды бір операция бастағандарын атап көрсетті.

Операцияның жаңа ашылған майдандардан алдымен Аннаға бағытталғанын атап айтқан Мухаммеди коалиция күштерінің де ДАИШ нысаналарын бомбалағанын білдірді.

Ирак армиясы 2014 жылы маусым айынан бері ДАИШ-тің бақылауындағы Мосулды құтқару үшін 17 қазан күні операция бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар