Орыс дипломаттар оралды

«Persona non gratа»  деп жарияланған 35 орыс дипломат отбасыларымен бірге Вашингтоннан ұшып кетті.

642017
Орыс дипломаттар оралды

Америка Құрама Штаттарында «persona non gratа»  деп жарияланған 35 орыс дипломат отбасыларымен бірге арнайы ұшақпен Вашингтоннан ұшып кетті.

Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин бұған қандай жауап қайтаратындарына жаңа президент Дональд Трамп міндетін бастағаннан кейін шешім беретіндерін білдірген болатын.

Ресейдің Америкадағы сайлауда кибер шабуыл жасады деп айыптаған Барак Обама әкімшілігі АҚШ-тағы Ресейдің екі базасын да жапқан еді.

Трамптың мәлімдемешісі Sean Spicer Ресейге қарсы мөлшерсіз қозғалғандарын айтты.

Spicer бұдан бұрын қытай компьютер қарақшыларының Америкадағы мемлекеттік қызметкерлерінің барлығының деректерін қолға түсіргенін,  алайда Қытайға қарсы бұлар жауап берілмегенін еске салды.

Трамп болса қолындағы кейбір мағлұматтарды сейсенбі немесе сәрсенбі күні жариялайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар